Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев ел тәуелсіздігінің 30 жыл ішіндегі табыстары Алматымен тығыз байланысты екенін айтты. Алматы өмір сүруге қолайлы және жалпыға бірдей тең мүмкіндік беретін қалаға айналуға тиіс екенін мәлімдеді.
Кеңес барысында премьер-министрге, Алматы және Алматы облысының әкімдеріне «Алтын Орда» базары жанындағы жол айрығының құрылысын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.
Бұл — әсіресе, қала іргесіндегі елдімекен тұрғындары үшін ең өзекті мәселенің бірі. Мұны жұртшылық қала әкіміне талай рет айтқан. «Алматы – Бішкек» тасжолының осы жерден өтетін бөлігі былтыр салынып бітуге тиіс еді. Қажетті қаражат толық бөлінген. Бірақ әлі нәтиже жоқ. Асқар Ұзақбайұлы, Алматы және Алматы облысының әкімдерімен бірлесе отырып, «Райымбек – Алматы» учаскесінің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы сонымен бірге Алматы үлкен айналма күре жолын қаланың орталығымен байланыстыратын жолдар туралы да айтты.
2021 жылы Абай даңғылын бөлуді аяқтау үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа екі миллиард теңге мөлшерінде қосымша қаржы керек екені анықталып отыр. Барлық шығынды бірден нақты жоспарлауға болмай ма? Әлде мұның басқа бір себептері бар ма?, – деді президент.