Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласында ү.ж. 31 наурызда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК, Түркі кеңесі) бейресми саммиті өтеді, — делінген хабарламада.
Форумға қатысатынын кеңеске мүше мемлекеттердің барлық басшысы мен осы ұйымда бақылаушы ел Венгрияның премьер-министрі растаған.
Саммит қорытындысы бойынша Түркістанды Түркі әлемінің рухани астанасы деп жариялайтын декларацияға қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 2009 жылы қазанда құрылған Түркі кеңесі қазіргі түркі мемлекеттерін біріктіретін халықаралық ұйым. Кеңес құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Венгрия бақылаушы ел ретінде кеңес құрамында бар.
Мұның алдында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның 30-31 наурызда Қазақстанға жұмыс сапарымен келетінін хабарлаған едік.