Басты бет Жаңалықтар Ninety One: Патриоттық сырт бейнемен өлшенбейді

Ninety One: Патриоттық сырт бейнемен өлшенбейді

Атушылы Ninety One тобы "Жұлдыздар отбасы" басылымына берген сұхбатында стилдерін өзгертпейтінін және кез келген негатив пікірге дайын екендерін айтты, деп хабарлайды juldyz.kz сайты.

Менің ойымша, патриоттық сырт бейнемен өлшенбейді. Ол жүректе маздап жанып тұруы керек. Біз таза қазақпыз. Біздің елге, жерге деген адал махаббатымызды білгілеріңіз келсе, әндерімізді тыңдаңыздар, жанымызға үңіліңіздер. Киім ештеңені білдірмейді. Образға байланысты осылай болу керек. Әртіс – әртіс сияқты жүруі тиіс.

Сырт бейнемізді өзгерттік. Бірақ оған бола бізді «құбыжық» көрудің қажеті жоқ. Негізі, бізде іштей өзгерістер болды. Алғаш топқа келгенде бесеуміз де бала сияқты едік. Бұл жер бізді тез есейтіп жіберді. Жан-жақты тәрбиеледі», – дейді топ мүшесі Zaq.

Сол сияқты топ солисі Alem ештеңеге қарамастан, бұл топқа келгеніне ешқашан өкінбейтінін айтып өтті.

«Бұл жобаға келгеніме ешқашан өкінген емеспін. Себебі жұрттың біз туралы қандай пікір айтатынын алдын ала білдік. Оған психологиялық, моральдық тұрғыдан дайындалдық. Біз ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймыз. Кім не айтқысы келеді, айта берсін. Ең бастысы, біз мұндай алып қашпа сөздерге мән бермейміз және көңілімізге алмауға тырысамыз. Уақыт өте келе бұл образға қазақ халқы да үйренеді», – дейді ол.

Бұған дейін Алматы-Аренада өткен «Жыл таңдауы» концертіне Ninety One тобы басқа да қазақ эстрада жұлдыздары секілді киім үлгісінде шыққан еді.

1 пікір

  1. Қоршаған ортаның пікірімен азғындыққа бет алған адамдар ғана санаспайды. Тек өз білгенін жасап сын айтылса ерегісіп түзелмей жүре береді. Мұсылман мемлекеттерінде эротика кино түсіру, сахнаны былғау деген жоқ. Түркия ғана шамалы бұзылған, деседе бізден жақсы. Сахналық келбет Құдай алдында жауапсыз деген қағида жоқ. Не жасасаңда діннен секіріп еуропалық немесе буддалықтардың стилін кіргізе бермеу қажет еді. Тек 91 тобы ғана емес, басқада былғанып жүрген әншілер көп. Өзбекстан сиақты елден қуып шығып мәдениет министр олармен тіклей жұмыс жасаған жағыдайда ғана бір қалыпқа түсеміз. Шоу дамытамыз деп азғындалып кеттік. Шоу елді дамытпайды, азғындатады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version