«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2021 жылы экстракорпораль ұрықтандыруға 7 мың квота бөлінді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде сатып алу жоспары бойынша ЭКҰ циклдерінің жалпы сомасы – 6 млрд 277 млн 381 мың теңге, – деп жауап берді Денсаулық сақтау министрлігі Inbusiness.kz тілшісінің сауалына.
Еліміздегі жасанды ұрықтандыру қызметінің орташа құны – 886 338 теңге.
Бүгінде Қазақстанда 27 экстракорпораль ұрықтандыру (ЭКО) орталығы жұмыс істейді. Оның 19-ы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, Baribar.kz редакциясы мұның алдында «Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдерге және қалай қатысуға болатынын жазған еді.