Бұл туралы LADBible басылымына сілтеме жасап Tengrinews.kz порталы хабарлады.
Демалыс күндерін үш күнге дейін ұзарту туралы ұсыныс 2019 жылы кәсіподақтар Конгресінің зерттеу нәтижелерінен кейін түскен. Зерттеу қызметкерлер аптасына бес күн емес, төрт күн жұмыс істесе нәтижелі болатынын көрсеткен.
Айта кетейік, жұмыс күндерінің қысқаруы қызметкерлерді жалақысына әсер етпейді. Олар аптасына 40 сағат жұмыс істейді. Яғни жұмыс уақыты 8 сағат емес, 10 сағат болады.
Жұмыс күнін қысқарту мәселесіне Жаңа Зеландия да қызығушылық білдірген.