Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
Қазақстанда ағымдағы эпидемиология маусымында жіті респираторлық вирус инфекциясы және тұмаумен сырқаттанушылық өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есеге төмендегені байқалады, — деді министр.
Ведомство басшысының айтуынша, ЖРВИ-мен сырқаттанудың төмендеуі халықты, оның ішінде халықтың осал топтарын тұмауға қарсы вакцинациялаумен, маска режимін, әлеуметтік ара қашықтықты сақтаумен, ұйымдасқан ұжымдарды бөлумен байланысты.
Денсаулық сақтау министрі сонымен бірге 2020 жылы 64 инфекция ауруының 42-і бойынша сырқаттанушылық төмендегенін айтты.
Адамдардың оба, тырысқақ, іш сүзегі, құтыру, туляремия, Конго-Қырым геморрагия қызбасы, дифтерия, сіреспе, қызамық, қызылша, сібір жарасы, безгек аурулары тіркелген жоқ, — деді Алексей Цой.