«Қызыл» аймаққа Батыс Қазақстан облысы кірді. Кеше, 15 наурызда өңірде 51 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирус бойынша «қызыл» аймақта болатын.
Атырау мен Алматы облыстарында кейінгі тәуліктерде коронавирус жұқтырғандардың көп тіркелуіне байланысты «жасыл» аймақтан «сарыға» өтті. Бұл зонада Қарағанды, Ақмола облыстары бар.
Ал Павлодар облысында эпидемиология жағдайы жақсарып, «жасыл» аймаққа ауысты.
Қалған өңірлер (Павлодар, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент) «жасыл» аймақта орналасқан.