Бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Әжіғалиева Айгүл Теміртасқызы мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу қағидаларына енген өзгерістерге сәйкес, ҚР Президентi Әкімшілігінің келісімімен Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Жаңа орынбасарының алдында тұрған міндеттерді атап өткен Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамедов «Нариман Бахытұлын білікті басшы, жұмыс тәжірибесі мол азамат ретінде осы лауазымға лайықты деп есептеймін және оған зор сенім артып отырмын», — деді.
Нариман Таушов 1967 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарасты Еңбекші ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын ауылшаруашылық өндірісінің экономист-ұйымдастырушы мамандығы бойынша үздік бітірген. Сондай-ақ Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Орал каласы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының салық инспекторы болып бастаған. 1994-2001 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінде бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, басқарма бастығы, сондай-ақ комитет төрағасының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген.
2001-2002 жылдары Маңғыстау облысының, ал 2002-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысының Салық комитетінің төрағасы.
2001-2002 жылдары Маңғыстау облысының, ал 2002-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысының Салық комитетінің төрағасы.
2005-2007 жылдары Батыс Қазақстан облысы Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы, 2007-2010 жылдары Атырау облысы Салық комитетінің төрағасы, 2010-2013 жылдары Орал қаласы Салық басқармасының басшысы болған.
Ал 2013-2015 жылдары «Аққамыс» АҚ төрағасының кеңесшісі, 2015-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау облысы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып қызмет еткен.
2020 жылдың наурыз айынан бастап бүгінге дейін Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы лауазымында еңбек етіп келді.
2020 жылдың наурыз айынан бастап бүгінге дейін Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы лауазымында еңбек етіп келді.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Салық қызметінің үздігі төсбелгісімен марапатталған.
Нариман Бахытұлы сондай-ақ ауған соғысының ардагері. 1987 жылы «Ауған халқынан алғыс», 1988 жылы «Үздік жауынгерлік қызметі үшін», 2003 жылы «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығарудың 15 жылдығы» медальдарымен наградталған.