Басты бетМедицинаЖандарбек Бекшин...

Жандарбек Бекшин Алматыда қай кезде локдаун жарияланатын айтты

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингіде қолданыстағы карантин шараларын еске салды. Демалыс күндері қоғамдық көліктің, базарлар мен қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы шектелгенін айтты.

Біз Қазақстанның бас санитар дәрігері белгілеген өлшемдерге сәйкес жұмыс істейміз. Оларды қолданамыз, күшейте аламыз, бірақ бұл шараларды жеңілдетуге болмайды. Статистика бойынша тиімділік бар. Шектеу шараларын жалғастыру қажет, — деді Жандарбек Бекшин.

Қаланың бас санитар дәрігері сонымен бірге Алматы қандай жағдайда карантинге жабылып, локдаун жариялануы мүмкін екенін айтты.

Бүгінде бізде 3 400 төсек-орын бар, олардың жүктемесі 40%-тен аспайды. Сонымен бірге 7 мың резерв төсек бар, бірақ резервтер де таусылуы мүмкін. Ауруханаға тәулігіне 500 адам жатқызылса, онда бір инкубация кезеңінде барлық төсек-орын бос болмайды деген сөз. Бұған жол беруге болмайды. Күніне 300 науқас жатқызылса да, қала локдаунға жабылады. Шараларды уақытылы қабылдамасақ, онда әрине, барлығын толығымен жауып, тоқтатуға тура келеді, — деді ол.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, негізгі міндет коронавирус жұқтыру дерегін азайту. Қалада локдаун жариялауға жол бермеу, оған әлі кеш емес.