Мұндай шешім қабылдауға Атырауда жаңа бағыттарға жүретін жүрдек пойыздар санының артуы, сәйкесінше, жолаушылар санының күрт өсуі себеп болып отыр. Сондықтан, нысанды автобекетпен біріктіру көзделуде.
1972 жылы салынған ғимараттың сыйымдылығы 500 адамға есептелген. Бүгінде келушілердің саны 3000-ға артқан. Жол жүру бағыттары да көбейген. Мәселен, студенттер көп баратын Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Маңғыстау, Ақтөбе, Құлсарыға қатынайтын вахталық режимдегі жұмысшылар да теміржол вокзалы арқылы жол жүреді. Осыған байланысты вокзалды кеңейту жоспарлануда.
Жоспар автобекетті Қазақстан темір жолы балансына қосып алғанан кейін ғана жүзеге асырылады. Қазір балансқа қосылу жұмыстары жүргізіліп жатыр – дейді «Қазақстан темір жолы» Атырау магистральді желі бөлімшесінің директоры Елубай Сапаров.
Айта кетейік, автобекет вокзал аумағына қосылған жағдайда, облысаралық аялдаманы басқа жерге ауыстыру мәселесі қарастырылатын болады. Әзірге автобекетті Атырау қаласы маңындағы Аламан базарына көшіру ұсынылуда.