Алматы әкімдігі ата-аналарға үндеу жасады

Бүл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрметті ата-аналар! Коронавирус жағдайларының тіркелуінің ұлғаюына байланысты Алматы әкімдігі мүмкіндігінше балаларды үйде онлайн оқуда қалдыруды сұрайды, — делінген хабарламада.

Сонымен бірге, үйде онлайн оқытуға мұндай мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін мектепте аралас оқыту форматы жалғаса беретіні хабарланды.

Мектептерде жоғары санитария-эпидемиология талаптарына сәйкес аралас оқыту жалғасатындығы туралы хабарлаймыз. Барлық мектеп дезинфекция құралдарымен 100% қамтамасыз етілген, — деп хабарлады баспасөз қызметі.