Бұл туралы экс-президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы әуежайында болған әуе апатының салдарынан адам шығыны туралы хабарды күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтасып, қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуын тілеймін, — делінген жеделхатта.
Еске салайық, бүгін, 13 наурызда Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы сағат 17.22-де радардан жоғалып, қала әуежайы жанындағы Қызылту ауылы маңына шұғыл қонбақшы болған. Ұшақ бортындағы төрт адам қаза тапты, екеуі Алматының 4 клиника ауруханасына жеткізілді.