Атырау облысы Индер аудандық ауруханасында оттегі станциясы іске қосылды.
Бүгінде өңірде 7 медициналық ұйымда орталықтандырылған оттегі станциясы жұмыс істейді. Олар облыстық перинаталдық орталық, кардиологиялық орталық, облыстық аурухана, Атырау қаласындағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасы, №2 облыстық аурухана, Құрманғазы және Қызылқоға аудандық ауруханалары.
Айта кетейік, алдағы уақытта Құлсары қаласындағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасында оттегі станциясын орнату жоспарлануда.