Басты бетЖаңалықтарЗейнетақы мен...

Зейнетақы мен жөргекпұл мөлшерін көбейтуді тапсырамын — Нұрсұлтан Назарбаев

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында келесі жылы зейнетақы мөлшерін 20 пайызға арттыруды үкіметке тапсырамын», – деді Назарбаев.

Бұл өсім президенттің айтуынша, 2 млн 200 мың қазақстандыққа пайдасын тигізеді. Елбасы әлемдік экономикалық дағдарыстарға қарамастан мемлекеттік барлық жылдарда әлеуметтік салаға көп көңіл бөлгенін атап өтті.

«25 жыл ішінде әлеуметтік шығындар 26 миллионнан 4,8 трлн теңгеге дейін өсті. Есептеп шыққанда 180 мың рет, бұл ел бюджетінің 46 пайызы. Біз бұл жұмысты одан әрі жалғастыра түсеміз», – деді президент.

Айта кетейік, 2016 жылға белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшері 25 824 теңгені құрады.

Дереккөзazattyq.org