0%

Фильмнің қандай сәтінде жылап қаласыз?

Жақын адамыңыз сатып кетсе, не істейсіз?

Сізді қай сөзбен сипаттауға болады?

Қай дәуірде өмір сүргіңіз келеді?

Бойыңыздағы ең жаман қасиеттің бірі?

Бір мәселеге қатты ашуландыңыз. Сіздің реакцияңыз?

Мына фразалардың қайсын таңдайсыз?

Үй жануарыңыз бар ма?

Мына тізімдегі қай фильм ұнайды?

Бір-екі сағат бос уақытыңыз болса, немен айналысасыз?

Тест: қазақ киносының қай кейіпкерісіз?
"Менің атым Қожадағы" Қожасыз!

"Қара Қожа" немесе "Қара көже" деген лақап атқа ие болған Қожаны ә дегенде бұзық, қызғаншақ, әжесінің ерке баласы деп танимыз. Алайда ол білімге, оқуға құштар, тек оны көбі байқай бермейді. Өзінің биік арман-мақсаты бар. Анасына деген махаббаты да ерекше. Қанша тентектікке барса да, адам көңіліне қарай білетін бала. Мінеки, сіздің болмысыңыз бен мінезіңіз де осы Қожаға ұқсайды екен.
"Тақиялы періште" фильміндегі Тана әже!

Актриса Әмина Өмірзақова сомдаған Тана образын білмейтін адам жоқ шығар. Тынымсыз шеше баласын қайткенде де үйлендіргісі келеді. Бірақ қызды өзі таңдағысы келеді. Осы жолда алуан түрлі оқиғаға тап болады. Бірақ оған жұрттың ойы, сөзі маңызды емес. Сіз де Тана апа сияқты жақындарыңыз үшін бәріне дайын шығарсыз. Бірақ әр адамның жеке шекарасы бар екенін де ұмытпағаныңыз жөн.
"Рэкетир" фильміндегі Саян!

Саян

Ақан Сатаевтың "Рэкетир" фильміндегі бас кейіпкер Саянға ұқсайсыз. Спортқа жақын Саянның жастай рэкеттердің қатарына қосылғанын кинодан көрдік. Әйтсе де қарақшы-бұзақы жұмысы бас кейіпкердің бойындағы адал әрі мейірімді қасиеттермен қатар жүрді. Сіз де сырт көзге осы Саян секілді суық адам болып көрінгенмен, іштей жұмсақ жан сияқтысыз.
"Келінжан" сериалындағы Айсара!

"Келінжан" сериалындағы Айсара, Балқия және Асылым деген абысындар есіңізде ме? Әсіресе Айсараның образы ерекше көзге ілінді. Қыңыр, ұрысқақ, күйеуі Қылышбекке "қашан директор боласың?" деп мазасын алатын ол бұдан бөлек өте пысық, шаруаға икемді, шешен әрі жанашыр жан да бола алатын. Біздің тест сізді осы Айсараға ұқсатып отыр.
"Жаужүрек мың бала" фильміндегі Сартай!

Жаужүрек мың бала

"Жаужүрек мың бала" фильмі жарық көрген соң ел ішінде Сартай есімді балалар көбейе бастағанын білесіз бе?Сірә, халық ер мінезді батырды ұнатқан сыңайлы. Туған жері мен халқы үшін жанын құрбан етуге даяр. Кез келгенін істі ақылмен саралап барып бастайды. Досы Таймас сатып кеткеннің өзінде сабыр таныта білді. Сіз де осы Сартай батыр сияқтысыз.

Әлеуметтік желіде бөлісу: