Басты бетҚоғамАлматыдағы діни...

Алматыдағы діни нысандарда ұжымдық рәсімдер өткізуге тыйым салынды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматының дін істері басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көшеке айтты.

Эпидемиология жағдайының нашарлауына байланысты енгізілген шектеу шаралары діни нысандарға да қатысты.

Атап айтқанда, ғибадат нысандарының ғимараттарында әлеуметтік қашықтықты (кемінде 2 метр) және басқа да санитария нормаларды (маска режимі, дезинфекцияны және т. б) қатаң сақтай отырып, тек «жеке құлшылық ету» рәсімдерін (ұжымдық рәсімдерсіз: жұма намазы, жексенбілік қызметтер және т. б.) өткізуге рұқсат етіледі, — деді дін істері басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көшеке.

Сонымен бірге Ерғали Көшекенің айтуынша, діни бірлестіктердің басшылығы құлшылық рәсімдерін өткізу үшін санитария нормаларына сәйкес келетін барлық жағдайды қамтамасыз етуі керек. Мәселен,

  • Ғимаратқа кіру кезінде келушілердің температурасын өлшеу;
  • Бетпердесіз азаматтарды кіргізбеу;
  • 2 метрден кем емес аралықпен діни бірлестіктер аумағында арнайы жазылған белгілер жасау;
  • іргелес аумақты таза ұстауды қамтамасыз ету.

Дін істері басқармасының, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірлесіп қаланың ғибадат ғимараттарында санитария нормаларының сақталуына мониторинг жүргізеді, — деді дін істері басқармасы басшысының орынбасары.

Айта кетейік,  10 наурызынан бастап Алматы коронавирус бойынша «қызыл» аймақта тұр. Осыған байланысты қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды, ол 13 наурызынан бастап күшіне енеді.