Президент бұл туралы Telegram-каналында жазды.
Бір жыл бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның басталғанын жариялады. Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады. Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді. Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы сонымен бірге коронавирустың әлі де қауіпті екенін, оны тек вакцинация арқылы тоқтатуға болатынын жазды.
Бірақ дерттің қатері әлі де сейілген жоқ. Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз. Барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын, — деді президент Twitter-каналында.
Бір жыл бұрын ДДСҰ пандемияның басталғанын жариялады. Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 11, 2021

