Басты бет Білім Қазақстанда электрон форматтағы ҰБТ өтіп жатыр

Қазақстанда электрон форматтағы ҰБТ өтіп жатыр

Бүгін еліміздің 12 өңірінде көктемгі Ұлттық біріңғай тестілеу басталды. Электрон форматтағы ҰБТ-ның сертификаты жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсуге жарамды.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Cami

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде 12 өңірінде Ұлттық біріңғай тестілеу электрон форматта өтіп жатыр. Ал Нұр-Сұлтан мен Батыс Қазақстан облысында тестілеу 12 наурызда,  Атырау, Қарағанды және Павлодар облыстарында 15 наурызда басталады, — делінген хабарламада.

Видео скрині

Айта кетейік, биылдан бастап тестілеу электрон форматта өтеді. Енді түлектер Ұлттық біріңғай тестілеуді компьютермен тапсырады.

Ұлттық біріңғай тестілеудің қалай өтіп жатқанын кез келген адам мына жерден онлайн көре алады.

Exit mobile version