Басты бет Білім Елімізде көктемгі ҰБТ 10 наурызда басталады

Елімізде көктемгі ҰБТ 10 наурызда басталады

Түлектер наурыздағы Ұлттық біріңғай тестілеуді компьютермен тапсырады. Оның нәтижесімен жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне оқуға түсуге болады.  

Иллюстрация © Бекзат Исамбергенов

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Наурыздағы ҰБТ-ға қатысу үшін app.testcenter.kz сілтемесі бойынша тіркелу қажет. Пәндер саны бесеу: үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша тестілеу жүргізіледі. Тестілеуге жалпы 4 сағат (240 минут) беріледі. Максималь балл – 140.

Көктемдегі ҰБТ 10 наурызда басталып, 10 сәуірге дейін жалғасады. Тестілеу электрон форматта «бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша өтеді. Прокторинг жүйесі қолданылады, бейнебақылау камерасы орнатылады, – деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Ведомство өкілінің айтуынша, сонымен бірге тұлғаны цифрлық сәйкестендіру — Face ID жүйесі енгізіледі. Оның көмегімен Ұлттық біріңғай тестілеуге қатыспақ болған бөтен адамдарды анықтауға болады.

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық біріңғай тестілеу өткізу кезінде санитария талаптары қатаң сақталатынын хабарлады.

Exit mobile version