«Қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан мен Алматы қайта кіріп отыр. Кеше, 9 наурызда астанада 143, Алматыда 160 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған еді.
«Сары» аймақта Ақмола, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары бар.
Ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта орналасқан.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 693 дерегі тіркелді. Коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 220 мыңнан асты.