Басты бетҚоғамЕліміздің үш...

Еліміздің үш өңірде ауа райына байланысты жолдар жабылды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомиобиль жолдары комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

10 наурыз сағат 8.30-дағы жағдай бойынша Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында жол учаскелері жабылды. Осы ретте төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында және өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін алыс сапарлардан бас тартуға кеңес береміз, – делінген хабарламада.

Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың келесідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді:

Ақтөбе облысында:

(автокөліктің барлық түрі үшін)

  • «Ақтөбе-Мартық-Ресей шекарасы» автожолының 24-99 шақырымында, атап айтқанда Сарыжар ауылы мен Ресей шекарасы аралығындағы учаске.
  • «Самара-Шымкент» автожолының 526-618 шақырымында, атап айтқанда БҚО шекарасы мен Қобда ауылының аралығындағы учаске.

Батыс Қазақстан облысында:

(автокөліктің барлық түрі үшін)

  • «Самара-Шымкент» автожолының 394-526 шақырымында, атап айтқанда Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығындағы учаске.

Солтүстік Қазақстан облысында:

(автокөліктің барлық түрі үшін)

  • «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Киров-Қиялы-Рощинское» автожолының 0-228 шақырымында, атап айтқанда Булаево мен Рощинское ауылдарының аралығындағы учаске.
  • «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» автожолының 0-87 шақырымында, атап айтқанда Рощинское мен Волошинка ауылдарының аралығындағы учаске.
  • «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» автожоляның 0-53 шақырымында, атап айтқанда Волошинка мен Сергеевка ауылдарының аралығындағы учаске.
  • «Тимирязево-Сарыкөл-Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0-32 шақырымында, атап айтқанда Тимирязево ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығындағы учаске.

Республикалық маңызы бар жолдардағы жағдай туралы шұғыл ақпаратты біліп отыру үшін «Қазавтожол» ұлттық компаниясының сайтына, министрліктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына немесе 1403 нөміріне хабарласу керек.