Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны жалғасып жатыр

Атырауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игі іс» қайырымдылық марафоны өтуде.

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы «Сарайшық» асыл тұқымды шаруашылық» ЖШС өнімдерінің 150 000 мың теңгені құрайтын табиғи азық-түлік сертификатын аз қамтылған отбасыларға табыстады. Бұл сертификат айына 15 000 теңге мөлшерінде тамақ өнімдерін алуға арналған.  

Сонымен қатар, Махамбет ауданындағы 20 отбасына 100 мың теңгені құрайтын және Атырау облысындағы аз қамтылған және көп балалы 30 отбасыға азық-түлік сертификаты табыс етілді. Сертификат 2021 жылдың 31 желтоқсанға дейін жарамды.

Айта кетейік, сертификат табысталған отбасылар жыл бойына көрсетілген қаражатқа қажетті азық-түліктерін сатып ала алады.