«100 жаңа есім» жобасына төрт жылда қанша адам қатысты?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып жатқан жобалардың қай-қайсысы да өзінің мазмұн ауқымдылығымен, идеологиялық маңыздылығымен құнды. Соның ішінде, «100 жаңа есім» жобасының алар орны айрықша.

Жоба 2017 жылы басталған болатын. Сол жылы жобаға 2 098 үміткер қатысты, оның 102-сі жеңімпаз болды. Қатысушыларға 1 376 396 дауыс берілген.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі — 2018» жобасына 1 111 өтінім қабылданды, 29 адам жеңімпаз атанған. Барлығы 836 617 дауыс берілген.

Жобаның ІІІ маусымына 1 673 адам өтінім берді, оның 32-сі жеңді. Үшінші маусымда қатысушылар 700 000 дауыс жинаған.

«100 жаңа есім» жобасы басталғалы бері 4 882 өтініш түскен, 163 адам жеңімпаз атанған. 3 жыл ішінде 2 913 014 дауыс қабылданды.

Қазіргі кезде «100 жаңа есім» жобасының IV маусымына өтінім қабылданып жатыр.

Айта кетелік, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының мақсаты – тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихы мысалында бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білімге құштарлық идеяларын ілгерілету.

Әрбір қатысушы – Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлесін қосқан бірегей тұлға.