Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, Австрияның денсаулық сақтау агенттігінің өкілі қызметін де атқаратын Виртумер-Хохе бұған дейін австриялық ORF телеарнасы эфирінде мәлімдеме жасаған. Ол екпе туралы мәліметтер әлі де жеткіліксіз екенін айтты.
Біз Криста Виртумер-Хохеден «Спутник V» вакцинасын қолдайтын Еуропа одағы мемлекеттері туралы жағымсыз пікірі үшін ашық түрде кешірім сұрауды талап етеміз. Оның комментарийлері Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі жүргізіп жатқан сараптамаға саяси араласулар туралы күрделі мәселе тудырады, — делінген Ресей вакцинасының Twitter-дегі жариялаған хабарламасында.
Мәлімдемеде еуропалық реттеуші «басқа вакцина туралы мұндай мәлімдемелер айтылмады» делінген.
Мұндай пікірлер орынсыз және ЕМА-ға және оны сараптау процесіне деген сенімге нұқсан келтіреді. Вакциналар мен ЕМА саясаттан тыс болуы керек, — делінген хабарламада.
Ресейлік вакцинаны жасап шығарушылар еуропалық реттеуші мұндай мәлімдемелерімен ресейлік препаратты мақұлдаған 46 елдің реттеушілері сеніміне нұқсан келтіруге құқы жоғын айтты.
Бұған дейін Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының тіркеу құжаттамасына сараптама жасауды бастағаны туралы хабарланды.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинациясы 1 ақпанда басталды.