Басты бетҚоғамЖания, Рабия,...

Жания, Рабия, Сания. Түркістан облысында 8 наурызда үшем дүниеге келді

Түркістан облысында шала туған үшемнің өмірін дәрігерлер аман алып қалды. Бүгінде мерзімінен ерте туылған нәрестелер №1 облыстық перинаталдық орталығындағы дәрігерлердің бақылауында, — деп хабарлады Otyrar.kz.

Үш қызымның рақатын көрейін енді. Үйімде тағы екі ұл мен екі қызым асыға күтіп отыр. Мереке қарсаңында босанып отырмын. Осы орайда, ақ халатты әйелдер қауымын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Дәрігерлерге мың алғыс, – деді ана.

Жаңа туған сәбилерге Жания, Рабия, Сания есімдері берілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері №1 облыстық перинаталдық орталығында 1 571 бала дүние есігін ашқан. Олардың 38-і егіз, екеуі үшем. Осыдан төрт күн бұрын Төле би ауданының тұрғыны орталықта үшем босанғанын хабарлаған едік.

Түркістан облысында жыл басынан бері үш үшем дүниеге келді.