«Қазақалтыннан» 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды

Ақмола полицейлері 2021 жылдың 2 наурызына қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі алтын катодын ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық әрекет нәтижесінде кәсіпорынға 122 миллион теңге сомасында залал келді. Тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі «Ұрлық» бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр, — деді ведомство өкілдері.

Қылмысты жасауға қатысы бар адамдарды анықтау үшін криминал полиция мен тәжірибелі тергеу қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді.