Басты бетЖаңалықтарНұрсұлтан Назарбаевтың...

Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесі: қараша айы

Өткен айда ҚР Президентінің ресми сайты Елбасы тындырған 49 іс туралы ақпарат жариялады. Оның алғашқы үштігін кездесулер, телефон хабарлары мен қатысу шаралары құрады:

Іс-шара Саны
1. Кездесу 20
2. Телефон хабарлары 7
3. Нысандарды аралау 6
4. Іс-шараларға қатысу 4
5. Сұхбат 3
6. Сапар 2
7. Келіссөз 2
8. Брифинг 2
9. Жиналыс 2
10. Сөз сөйлеу 1

Ішкі саясат

Ішкі саясат мәселелерін қарау кезінде Елбасы Бақытжан Сағынтаевтың жұмысын қарап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты есебін тыңдады. Сондай-ақ, жеті саланың басшысымен кездесті. Оның үшеуі ұлттық компаниялардың басшысы:

Тұлға Қызметі
1. Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі
2. Бақыт Сұлтанов Қаржы министрі
3. Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары
4. Ахметжан Есімов «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы
5. Сауат Мыңбаев «ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма төрағасы
6. Асқар Жұмағалиев «Қазатомпром» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы
7. Қайрат Келімбетов «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басшысы

Сыртқы саясат

Нұрсұлтан Назарбаев қараша айында екі елге: Жапонияға ресми сапар, Кореяға мемлекеттік сапар жасады. Онда екіжақты келіссөздер жүргізіп, брифингтерге қатысты. Одан бөлек, сыртқы саясатты талқылау мақсатында, тоғыз елдің өкілімен кездесу өткізді:

Тұлға Қызметі
1. Акихито Жапония императоры
2. Ли Кэцян Қытай Халық Республикасының премьер-министрі
3. Александр Вучич Сербия Респуббликасының премьер-министрі
4. Антониу Гутерриш БҰҰ Бас хатшысы
5. Любомир Заоралек Чехия Республикасының Сыртқы істер министрі
6. Фумио Кисида Жапонияның Сыртқы істер министрі
7. Мирослав Лайчак Словакия Республикасының Сыртқы және европалық істер министрі
8. Ли Мен Бак Корея Республикасының экс-президенті
9. Ясуо Фукуда Боаос азиялық форумының басқарма басшысы, Жапонияның экс-премьер-министрі

Қараша айында Елбасы алты елдің ресми өкілімен телефон арқылы сөйлесті.

Персона Должность
1. Владимир Путин (2 рет) Ресей Федерациясының президенті
2. Дональд Трамп АҚШ президенті
3. Реджеп Тайип Эрдоган Түркия Республикасының президенті
4. Алмазбек Атамбаев Қырғызстан Республикасының президенті
5. Шавкат Мирзиёев Өзбекстан Республикасының президенті
6. Томислав Николич Сербия Республикасының президенті

Бұл шаралардан бөлек, Нұрсұлтан Әбішұлы америкалық Bloomberg агенттігіне, ресейлік «Россия-24» арнасына және жапондық NHK арнасы мен «Киодо Цусин» агенттігіне сұхбат берді.

ДереккөзСаясат