Жаңа дерек Алматыда (134), Нұр-Сұлтанда (132) көп тіркелді. Қалған өңірлерде COVID-19 инфекциясын бір тәулікте жұқтырғандар саны жүзге жетпейді.
Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:
Алматыда — 25 535(+134);
Нұр-Сұлтанда — 25 444(+132);
Шығыс Қазақстан облысында — 22 216(+39);
Павлодар облысында — 17 932(+78);
Атырау облысында — 17 301(+40);
Қарағанды облысында — 15 621(+61);
Ақмола облысында — 13 910(+57);
Батыс Қазақстан облысында — 13 262(+72);
Қостанай облысында — 12 617(+59);
Солтүстік Қазақстан облысында — 12 486(+37);
Алматы облысында — 11 076(+47);
Шымкентте — 6 262(+27);
Жамбыл облысында — 6 002(+17);
Ақтөбе облысында — 4 336(+28);
Түркістан облысында — 4 311(+5);
Маңғыстау облысында — 4 264(+11);
Қызылорда облысында — 3 892(+13).
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 216 467-ге жетті. Оның 200 440-ы аурудан айықты, 2 791-і қайтыс болды.
COVID-19 белгілері бар пневмония
3 наурыздағы мәлімет бойынша 44 дерек тіркелді, 224 адам жазылып шықты.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 49 462 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, оның 43 181-і жазылды. 635 науқас қайтыс болды.