Басты бетҚоғамТүркістан облысында...

Түркістан облысында жыл басынан бері екінші үшем дүниеге келді

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабаралды.

Жаңа туылған нәрестелерге Балжан, Мағжан, Тоғжан есімдері берілді. Мерзімінен ерте туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, денсаулық жағдайлары жақсарған.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, үшемдер перзентханадан шығуға әзір. Үшем дүние келген отбасының бір ұл мен үш қызы бар. Отағасы да, көпбалалы ана да мектепте жұмыс істейді.

Әрине, қорқыныштар болды. Алланың сыйына сансыз шүкір. Сәбилерімді бағып, күткен дәрігерлерге шексіз алғыс білдіремін,  –  деді үшемнің анасы.

Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, осымен өңірде 2021 жылы басталғалы екінші үшем дүниеге келді. Ал жалпы 10 мыңнан астам сәби туылды.