Басты бетЖаңалықтарАтырауда сұйытылған...

Атырауда сұйытылған газ тапшылығына байланысты жедел отырыс өтті

Отырысқа облыс әкімінің орынбасарлары мен тиісті саланың басқарма басшылары қатысты.

Махамбет Досмұхамедов

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірдегі соңғы күндері автокөліктерге қажет сұйытылған газ тапшылығының туындауына қатысты жауапты тұлғаларды қатаң сынға алды.

Жауапты басқарма басшылары мәселені дер кезінде шешпей, ушығуына жол беріп отырсыздар. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мен салалық Энергетика министрлігімен тығыз байланыс жасап, мәселені созбақтамай реттегенде мұндай жағдай болмас еді. Осы олқылыққа қатысты тікелей жауапты тұлғаларға қызметтік шара қолданылады, — деген облыс басшысы орынбасарлары мен тиісті басқарма басшыларына Энергетика министрлігімен тығыз байланыста болып, мәселені жылдам шешуді тапсырды.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасысы басшысының орынбасары Данияр Мұқышев зауыт жөндеу жұмыстарын наурыз айының ортасында аяқтауды жоспарлап отырғанын айтты.

ҚР Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес, ақпан айында наурыз айы үшін облысқа қажетті 4600 тонна сұйытылған мұнай газын беру туралы кесте жіберген болатын. Алайда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан тиісті сұйытылған газды бере алмай отыр,- деді ол.

Мәселені реттеу үшін өңірде сұйытылған мұнай газын өндірудің уақытша төмендеуіне байланысты қажетті газды алу үшін ҚР Энергетика министрлігіне тиісті хат жолданған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта өзге компаниялардан наурыз айына қажетті 4500 тонна тонна газды сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда облыс бойынша сұйытылған мұнай газымен жүретін автокөліктер тәулігіне шамамен 150 тонна газ тұтынады.