Басты бетЖаңалықтарАтырау облысында...

Атырау облысында халықтың 85,8%-ы сақтандыру жүйесіне енген

Республикада жарнаны тұрақты төлемегені үшін 1,6 млн адам мәртебеге ие болған жоқ, ал 1,4 млн тұлға бір жыл ішінде бірде-бір рет жарна төлемеген.

Бүгінгі күнге Атырау облысы бойынша сақтандырылған азаматтардың саны 563 мың, яғни 85,8 % -ы сақтандыру жүйесіне енген. Бұл республика бойынша үздік үштікке кіре алатын көрсеткіш саналады. Ал облыста «сақтандырылмаған» азаматтарымыздың саны – 93 571 адамды құрайды, бұл пайызға шаққанда 14,2 % құрап отыр – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры С. Құралбек.

Атырау облысында тұрғындарды МӘМС жүйесіне енгізу үшін тыңғылықты жұмыстар жүргізу одан әрі жалғасуда.

Атырау облысы бойынша жарнаның жалпы сомасы 30 млрд 372 млн теңгені құрап отыр. Оның 25 млрд 180 млн теңгесі (шамамен 96,4%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 5 млрд 191 млн. теңге (3,6% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Айта кетейік, 2021 жылға жүргізілген медициналық қызметтерді сатып алу қорытындылары бойынша Атырау облысы бойынша 62 медициналық ұйым медициналық сақтандыру қорының жеткізушісі болды, оның 33-і мемлекеттік, 29-ы — жеке меншік кәсіпорындар.