Басты бетҚоғамҚазақстанда 8...

Қазақстанда 8 наурыз қарсаңында қандай заттар көп сатылады?

Талдау AliExpress платформасы арқылы сатып алынған заттар дерегі бойынша жасалған.

Мерекеге бірнеше апта қалғанда әйелдер киімінің сатылымы едәуір артқан.

Әйел жиделері мен нымшаларына жасалған тапсырыстардың саны қаңтар айымен салыстырғанда ақпанда 6 есе, ал бешпеттер мен свитерлердің сатылымы 3 есе өсті, — делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Платформада ең көп сатып алынған зат — көйлектердің әртүрлі үлгісі болды, олар:  жиде-көйлектер, романтика стильіндегі ұзын көйлектер, сонымен бірге тоқылған үлгілер.

«Сұлулық және денсаулық» категориясындағы тауарлар 8 наурыз қарсаңындағы көп сатылған сыйлықтар тобына кірді. Опа-далап және кірпік өсіруге арналған жиынтықтар әдеттегіден 8 есе көп сатылған. Тері күтімі бойынша заттар тапсырысы 5 есе, ваннаға арналған көпіршік және сабын сияқты гигиена заттары 2,5 есеге өскен.

Сонымен бірге 8 наурыз қарсаңында интернет дүкенінен асүйге арналған комбайндарға сұраныс артқан. Олардың сатылымы қаңтармен салыстырғанда 6,8 есе өсті.

Интернет дүкеннің мәліметінше, мереке қарсаңында Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент және Павлодар тұрғындарының сыйлық сатып алу белсендігі артқан.