Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сәулекүл Сайлауқызы 1968 жылы 22 қазанда Алматыда дүниеге келген.
Алматы педагогикалық шет тілдер институтын, Сыртқы істер министрлігі дипломатия академиясын бітірген. Халықаралық қатынастар саласындағы маман.
Еңбек жолын 1992 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде француз тілінің оқытушысы болып бастаған.
1993 жылы Сыртқы істер министрлігіндегі аудармашылықпен қамтамасыз ету бөлімінің референті ретінде дипломатия қызметіне ауысады.
Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратында түрлі қызметтерді атқарып, Қазақстанның Франция, Израиль, Бельгия және Вьетнамдағы елшіліктерінде жұмыс істеді.
2012-2015 жылдары президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы дипломатия институтын басқарды.
Қазақстанның Мароккодағы елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін Сыртқы істер министрлігі Таяу, Орта Шығыс және Африка департаменті директорының орынбасары болды.
ІІ сыныпты төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.