Қай класс оқушылары мектепке барып оқиды?
2020 жылдың 1 наурызынан бастап елдің бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, кезекші класта оқыған жалпы орта мектептің 1-5 класс оқушылары, халықаралық мектептің 1-7 класс оқушылары аралас форматта, яғни қашықтан және мектепке барып оқиды. Әр сабақ ұзақтығы — 40 минут. Қазіргі кезде оқушылардың 47%-і штаттық режимде, 53%-і қашықтан білім алып жатыр.
Өңірдегі санитар-эпидемиология жағдайына байланысты штаттық және онлайн оқытатын пәндерді әр білім мекемесі өзі анықтауға құқылы. Білім және ғылым министрлігі негізгі пәндерді мектепте, көркем еңбек және музыка сабағын қашықтан ассихронды форматта оқытуды ұсынып отыр, — дейді вице министр.
Оқушы ауырып қалса, мектепке бармауына бола ма?
Бала ауырып қалған жағдайда немесе науқас адаммен байланыста болса, ата-анасының өтінішімен бұрынғыдай қашықтан оқуды жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Ең бастысы — әр білім мекемесі санитар талаптарын қатаң сақтауы керек. Оқушы мен қызметкердің барлығы медицина маскасын тағуы қажет. Мектептің алдында термометриямен балалардың дене қызуы тексеріледі, — дейді Шолпан Каринова.
Мектеп формасын кию керек пе?
Оқу жылының басында толық оқу жылы бойы мектеп формасын кимеуге рұқсат беретін тиісті қаулы қабылданған. Сол себепті аралас форматқа ауысқан балаларға мектеп формасын сатып алуы, киіп келуі міндетті емес. Оқушылар таза, ұқыпты кез келген киімімен мектептегі сабағына қатыса алады.
6,7,8,10 класс оқушылары қалай оқиды?
6,7,8,10 класс оқушылары қашықтан оқуды жалғастырады. Мұғалім оқушының үлгерімі төмен, оған жеке консультация қажет деп шешсе, қосымша сабаққа шақыруына болады. Бұған дейін қосымша сабаққа бір топта бес адам қатыса алған болса, енді 15 адамға дейін рұқсат.
Педагогтар ПТР тест тапсыруға міндетті ме?
Мектепке барып сабақ беретін педагогтарға ағзасында коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтайтын ПТР тест тапсыру міндеттелмейді.