Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 3 наурыздағы дерек бойынша эпидемиология ахуалын бағалау матрицасын жариялады.
«Сары» аймақта Ақмола, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы бар.
Ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта орналасқан.
Айта кетейік, кеше Қазақстанда тағы 717 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Соның ішінде 105 дерек Алматыда тіркелді.