Басты бетҚоғам"Медеу" мұзайдыны автотұрағы ақылы болады

«Медеу» мұзайдыны автотұрағы ақылы болады

Автотұрақ 191 көлікке арналған. Ол тәулік бойы жұмыс істейді.

Бұл туралы Aparking компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Демалыс күндері «Медеуге» баратын жүргізушілер ыңғайсыздыққа тап болып жатады. Автотұрақта орын жетпеді, кешенге кіреберістер қоқысқа толды. Автокөлік иелеріне толық жабдықталған автотұрақтың пайда болуы жеке көлік құралдарын пайдалану кезінде ыңғайлы болады, сонымен бірге тұрақ ережесін бұзатындар азаяды, — деп түсіндірді компаниядағылар.

Автотұрақта қоршаулар, шлагбаум, халықаралық стандарттарға сәйкес белгілер бар.

Автотұрақ ақысын паркомат көмегімен немесе онлайн-төлемнің барлық түрі — «Алматы тұрақтары» қолданбасы, мобайл банкинг, QIWI терминалдары және SMS арқылы төлеуге болады.

ДереккөзTengrinews.kz