Басты бетФранция экс-президенті...

Франция экс-президенті Николя Саркози 3 жылға сотталды

Сот Сарказиді кассация соты қызметкерін парамен сатып алу айыбы бойынша кінәлі деп тапты. Президент сот қызметкерінен өзіне қатысты тергеу бойынша ақпарат алуға тырысты деп айыпталды. Тергеу Николя Саркозидің президенттік науқанына заңсыз қаржы тарту ісі бойынша қозғалған.

Істе Саркозиден бөлек екі айыпталушы бар. Олар – экс-президенттің досы әрі адвокаты Тьерри Эрцог пен кассациялық соттың бұрынғы прокуроры Жильбер Азибер. Үшеуіне де айып 2014 жылы тағылған. Сот процесі былтыр қарашада басталған.

Николя Саркози
Фото: Reuters

Францияның заманауи тарихында алғаш рет бұрынғы президент сотқа тартылып, айыпты танылып отыр.

Саркозиге қарсы тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұрынғы президенттен Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафиден заңсыз ақша алды деп күдіктеніп отыр.

Сонымен бірге Францияның қаржы жөніндегі ұлттық прокуратурасы ресейлік сақтандыру компаниясымен жасасқан келісім жөнінде Саркозиге қатысты алдын ала тергеу жүргізіп отыр. 3 миллион долларлық келісім «Ресо-Гарантия» сақтандыру компаниясымен Саркози президенттігі кезінде жасалған. Іс «ықпалды саудалау» және қаржы ізін жасыру күдігі бойынша тергеліп отыр.

Николя Саркози 66 жаста. Ол 2007-2012 жылдары Франция президенті болды.

ДереккөзAzattyq.org