Басты бет Жаңалықтар «Бүкілресейлік Командалық Олимпиаданы» тұңғыш рет қазақ балалары ұтып алды

«Бүкілресейлік Командалық Олимпиаданы» тұңғыш рет қазақ балалары ұтып алды

Қазақ балалары тұңғыш рет мектеп оқушылары арасында информатикадан өткен «Бүкілресейлік Командалық Олимпиаданы» жеңіп алды. Аты ре­сей­лік болғанымен бұл олимпиаданы ашық чемпионат деп айтқан жөн, деп жазады "Егемен Қазақстан" газеті.

Чемпиондық коман­да­­ның құра­мын­да болып, алтын медаль алуға атса­лыс­қандар: астаналық қазақ-түрік лицейі­нің оқу­шысы Санжар Бидайбек және ал­ма­ты­лық қазақ-түрік лицейінің оқушы­лары Асхат Жалғасов пен Нұрбақыт Мәдибек.

Айта кетейік, Бүкілресейлік Командалық Олимпиадаға жыл сайын ТМД елдері бойынша 200-ден астам команда қатысады. 2000 жыл­дан бері жарыс 16 рет өткізілсе, со­ның 12-сінде ресейлік, 4-еуінде белорус­тық балалар жеңімпаз атанған екен. Қазақстандықтардың ең жоғарғы нәтижесі – 2013 жылғы 6-орын. Мұндай үлкен дәрежеде өтетін информатикалық олимпиадада сәтті өнер көрсеткендердің болашақта Google, Facebook, Twitter сынды танымал компа­ния­ларда жұмыс жасау мүмкіндіктері мол.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version