Басты бетАрменияда наразылар үкімет ғимаратына басып кірді

Арменияда наразылар үкімет ғимаратына басып кірді

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Пашинянның бір топ қарсыласы Ереван орталығында бірнеше министрлік орналасқан үкімет ғимаратына басып кірді, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Никол Пашинянның ресейлік «Искандерлер» туралы сөзінен кейін Ереванда тағы бір саяси дағдарыс өршіген болатын. БАҚ мәліметінше, Армения бас штабы бастығының орынбасары премьер-министрді мазақ еткені үшін қызметінен босатылған, кейін бас штаб бастығына да отставкаға кетуге ұсынылған.

Артынша Армения Қарулы күштері Пашиняннан орнын босатуды талап етіп мәлімдеме жасаған. Премьер-министр мұны төңкеріс әрекеті деп санап, өз жақтастарын көшеге шығуға шақырған еді.

Ал оппозиция баррикадалар орнатып, парламенттің маңында лагерь құрған. Олар билікпен келіссөзге бармайтынын айтып, премьер-министрдің қызметінен кетуін талап еткен еді.

ДереккөзTengrinews.kz