Басты бетҚоғамБас санитар...

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-класқа дейін, халықаралық мектептерде 1-ден 7-класқа дейін аралас оқыту қайта басталады.

Оқу бітіретін 9, 11, 12 класты аптаның 6 күнінде аралас оқытуға рұқсат етіледі. Пәндердің 70%-і штаттық режимде, 30%-і қашықтан оқыту форматына көшеді. Класта 15 адамнан артық адам болмауы қажет. 1 класс — 1 кабинет қағидаты бойынша ұйымдастырылады. Бір уақытта мектепте адам саны 30%-тен аспай,  бәрі санитария-дезинфекция, маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет.

Білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат берілді. Оның ішінде колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін екінші семестрден бастап штаттық режимде оқуға болады.

Қаулы 2021 жылы 1 наурызда 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.