Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Ұшақ оңтүстік бағыттағы ұшу-қону жолағынан 1,5 шақырым жерге қонды. Оқиға болған жерге Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері мен 2 техника, «Боралдай» авиация қауіпсіздік қызметінен 15 қызметкер мен 5 техника барды.
Ұшақта экипаждың 2 мүшесі және 3 жолаушы болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін АН2 ұшағының Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 шақырым жерге шұғыл түрде қонғанын хабарлаған едік.