Нигерияда қарулы топ интернаттан 300-ге жуық оқушы қызды ұрлап әкетті

ТАСС агенттігі атап өткендей, қаскөйлер бірыңғай киімде болған.

Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, жол талғамайтын көліктер мен мотоциклдерге мінген қарақшылар интернат ғимаратына түнгі сағат 1-де келген. Мемлекеттік күзет қызметінің формасындағылар мектеп оқушыларын далаға шығуға мәжбүрлеп, артынан көліктеріне отырғызып, алып кеткен, — делінген хабарламада.

Ұрлау фактісін жергілікті билік те растады.

Балаларды ұрлап кетті, — деді Замфара губернаторының өкілі.

Сонымен бірге ол ұрланған оқушылардың нақты санын және оларды қайда апаруы мүмкін екенін ашып айтпады.