Мәдени шаралар:

«Как меня звали?» жеке көрмесі

«Как меня звали?» — өзбек суретшісі Саодат Исмаилованың жеке көрмесі. Автор қазіргі Орта Азия әйелдері бейнесін, олардың өмірі мен миф, әдет-ғұрып арасындағы байланысты зерттейді.

Көрменің басты элементі — «Зухра» видеосы. Онда Зухра деген жас әйел чилла (40 күн үнсіздік) ғұрпын орындайды. Видео джахр деген жын шығару рәсімі және емшілердің анимистік дыбыстарымен аяқталады. Осы ырым арқылы Зухра өзі емшіге айналады.

Өтетін орны: VILLA Boutiques&Restaurants, әл-Фараби даңғылы 140 А/3.

Көрме ұзақтығы: 2021 жылдың 18 сәуірі

Кіру тегін, тек мына WhatsApp нөмірі арқылы алдын ала тіркеуден өту керек: +7 (702) 592-41-93‬.

Галереяның жұмыс уақыты:
Сейсенбі-сенбі: 11:00-19:00
Жексенбі: 12:00-18:00

«Музыка. Живопись. Импрессионизм» концерті

Концертте импрессионистердің 100-ден аса картинасының проекциясы Жамбыл атындағы мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр сүйемелдеуімен жылжып отырады. Көрермен суретшілер мен композиторлар туындысын жасағанда қандай күйді бастан кешкенін сезінеді.

Дирижер: Қанат Омаров

Концерт бағдарламасы:

  • М.Равелдің «Дафнис пен Хлоя», сондай-ақ К.Моне картиналары
  • М.Равелдің «Вальсі» , сондай-ақ Э.Дега картиналары
  • К.Дебюссидің «Ибериясы», үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – К.Писсарро картиналары, екінші бөлім – К.Моне картиналары, үшінші бөлім – К.Писсаро картиналары
  • «Зығыр түсті шашы бар қыз», К.Дебюсси, П.-О. Ренуар картиналары
  • «Ай жарығы», К.Дебюсси, К.Моне картиналары

Өтетін орны: Жамбыл атындағы филормония, Шәмші Қалдаяқов көшесі, 35

Уақыты: 26 ақпан, 19:00

Контакт: +7 701 751 89 85

Кіру: 5000-12 000 теңге

«Қызыл және ақ вино» экспресс курсы

Шараға келуші төрт түрлі шараптың дәмін татып көреді. Курс шарап әлемімен танысқысы келетін адамдарға арналған. Кездесу 2 сағатқа созылады, шарап туралы, оның тарихы, таралуы жайлы айтылады. Бастысы, шараптың негізгі сипатын біліп, оның дәмін дұрыс айыру мен дұрыс таңдауға қатысты кеңес беріледі.

Өтетін орны: «О, вино» студиясы, Ғабдолла Бұзырбаев көшесі, 4Б, 2-блок

Уақыты: 26 ақпан, 19:00

Кіру: 6500 теңге

Open That Bottle Night

Open That Bottle Night (OTBN) бастамасын Wall Street Journal-дың екі журналисі көтерген. Дороти Дж. Гайтер мен Джон Бречер оқырманына шарап бөтелкесін ашып, оны достарына құюды, содан соң өзінің қызық оқиғасын айтып беруді сұраған. Бұл 2000 жыл еді. Сол уақыттан бері шара елден елге тарап, жыл сайын ақпанның соңғы сенбісінде өткізіледі.

Өтетін орны: «О, вино» студиясы, Ғабдолла Бұзырбаев көшесі, 4Б, 2-блок

Уақыты: 27 ақпан, 19:00

Кіру: 10 000 теңге

Aspan Cinema автокинотеатры мына фильмдерді көрсетеді:

27 ақпан, 20:00 — «Соучастник»
27 ақпан, 22:30 — «Близнецы» (2017)
28 ақпан, 20:00 — «Кадры»
28 ақпан, сағат 22:30-да — «Гордость и предубеждение»

Өтетін орны: Атакент, Климент Тимирязев көшесі, 42, 15-корпус, Тайыр Жароков көшесінен кіру керек
Кіру: 3000 теңге

Апта соңында мынадай спектакльдер қойылады:

1. Мұхтар Әуезов атындағы драма театр

26 ақпан, 18:30 — «Барымен базар»
27 ақпан, 18:30 — «Таңсұлу»
27 ақпан, 18:30 — «Туған күн»
28 ақпан, 18:30 — «Жүз жылдық махаббат»
28 ақпан, 18:30 — «Мани, мани»

Мекенжайы: Абай даңғылы, 103
Контакт: +7 727 378 53 85
Кіру: 800 теңгеден басталады

2. Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театры

26 ақпан, 18:30 — «Келіндер көтерілісі»
27 ақпан, 11:00 — «Сиқырлы терезе»
27 ақпан, 18:30 — «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»
28 ақпан, 11:00 — «Туған күн»
28 ақпан, 18:30 — «Телғара»

Мекенжайы: Абылайхан даңғылы, 38
Контакт: +7​​​​ ​​​727 303 25 82
Кіру: 600 теңгеден басталады

3. Михаил Лермонтов атындағы орыс драма театры

26 ақпан, 19:00 — «№13″
26 ақпан, 19:00 — «Мой папа — Питер Пэн»
27 ақпан, 18:00 — «Трансфер»
27 ақпан, 18:00 — «Джут»
28 ақпан, 11:00 — «Аленький цветочек»
28 ақпан, 18:00 — «Верная жена»
28 ақпан, 18:00 — «Визиты к мистеру Грину»

Мекенжайы: Абай даңғылы, 43
Контакт: +7​​​​ ​​​727 267 31 36
Кіру: 1000 теңгеден басталады

4. Наталья Сац атындағы жасөспірімдер театры: 

26 ақпан, 18:00 — «Ars Amandi. Искусство любви»
27 ақпан, 18:00 — «Примадонны»
28 ақпан, 12:00 және 15:00 — «Красавица и Чудовище»

Мекенжайы: Шаляпин көшесі, 22
Контакт: +7​​​​ ​​​727 303 25 82
Кіру: 600 теңгеден басталады

5. АRTиШОК

26 және 28 ақпан, 19:00 — «Гамлет»

Мекенжайы: Николай Гоголь көшесі, 40
Контакт: +7 776 628 26 25
Кіру: 8000 теңгеден басталады

6. «Трансформа» кеңістігі

28 ақпан, 11:00 — «Волшебный город»
28 ақпан, 19:30 — «Дипфейк»

Мекенжайы: Иса Байзақов көшесі, 280
Контакт: +7 747 414 06 59
Кіру: 2000 теңгеден басталады

7. «Жас Сахна» театры

26 ақпан, 18:00 — «Эти свободные бабочки»
27 ақпан, 18:00 — «Лавина»
28 ақпан, 18:00 — «Одноклассники. Уроки жизни»

Мекенжайы: Абай даңғылы, 117
Контакт: +7 727 259 65 98
Кіру: 6000 теңгеден басталады

8. Мемлекеттік қуыршақтар театры

27 ақпан, 10:30 және 12:00 — «Три поросенка»
27 ақпан, 14:00 — «Арыстанның қорқынышын қалай емдеу керек?»
27 ақпан, 16:00 — «Как лечить львиный страх»
28 ақпан, 10:30 және 12:00 — «Коза-Дереза»
28 ақпан, 14:00 — «Көңілді қонжықтар»
28 ақпан, 16:00 — «Веселые медвежата»

Мекенжайы: Александр Пушкин көшесі, 63
Контакт: +7 727 234 79 22
Кіру: 1000 теңгеден басталады

9. Республикалық неміс драма театры 

27 ақпан, 18:00 — «Пробуждение Весны»
28 ақпан, 18:00 — «Лист подарочной бумаги»

Мекенжайы: Иван Папанин көшесі, 70/1
Контактілер: +7 727 392 02 33, +7 777 827 28 90
Кіру: 2000 теңгеден басталады