Алматы волонтерлары қар тазалаушыларға көмектесті

Алматыда 24 ақпанда сағат 16.00-дан бастап қар аралас жаңбыр жауды, ал 25 ақпанда түнгі сағат 1-ден бастап қар жауа бастады, ауа температурасы минус 10 градусқа дейін күрт төмендеді. Сағат 9.00-де қалада 20-30 сантиметр, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 30-40 сантиметр қар жауды.

Алматының жастар ресурстары орталықтарының еріктілері қарт адамдардың үйлері маңындағы және аулаларындағы қарды тазалау акциясына шықты. Қар тазалау шарасына 30-ға жуық жас қалалық қатысты.

волонтер, қар тазалау
Фото: Алматының «Жас Отан» ЖҚ баспасөз қызметі

Бұлардан өзге, Nur Otan партиясы Jas Otan жастар қанатының 200-ден астам белсенділері мен қалалық еріктілер ұйымдарының мүшелері коммуналдық қызметкерлерге қаланы қардан тазарту жұмыстарына көмектесіп, қолдау көрсетті. Жас отандықтар оларға ыстық шәй ұйымдастырды.

волонтер, қар тазалау
Фото: Алматының «Жас Отан» ЖҚ баспасөз қызметі

Таңнан бері қаланы қардан тазарту жұмыстарына 1 653 жол жұмысшысы, 653 техника бірлігі, оның ішінде 205 құмлақтырғыш жұмылдырылды.