Басты бетҚоғамМемлекет басшысы...

Мемлекет басшысы қос азаматтық алу деректері туралы пікір білдірді

Бұл туралы президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында айтты.

Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салған елдер тобына жатады. Бұл норма Конституциямызда бар. Алайда кейінгі уақытта тіпті шенеуніктердің арасында қос азаматтық барын анықтап жатырмыз. Бұған түсінікті себеппен тыйым салу керек. Бұл өте ауқымды проблема, себебі ұлттық қауіпсіздігімізге қатысы бар. Мұндай деректердің алдын алу керек, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы былтыр Жолдауда қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерді, квазимемлекеттік сектордағы басшыларды қызметінен босатуды тапсырғанын айтты.

Үкімет пен Мемлекеттік істер жөніндегі агенттіктен атқарған жұмысын баяндауды сұраймын. Соған қарағанда, мұндай заңбұзушылық жауапкершілігін күшейту керек», — деді президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында.

Бірнеше ай бұрын желіде шымкенттік шенеуніктің қос азаматтығы бары туралы ақпарат пайда болған. Кейін мәліметті қала әкімдігі жоққа шығарған, алайда полиция өкілдері бұл мәліметті растаған.