Қырғызстан «Спутник V» вакцинасын тіркеді

Бұл туралы zakon.kz порталы centralasian.org-ке сілтеме жасап хабарлады.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, таяу уақытта халыққа вакцина егу басталады.

Ресейдің тікелей инвестициялау қоры «Спутник V» вакцинасының тиімділігі 95% екенін айтты. Бұл екпе Ресейдің Гамалеи атындағы ғылыми орталығында әзірленген.

Былтыр қараша айында қырғыз үкіметі вакцина сатып алуға қатысты Ресеймен келіссөз жүріп жатқанын мәлімдеген.

Кейін Оксфорд университетінде әзірленген AstraZeneca компаниясының вакцинасын алатын болдық деп хабарлаған.

23 ақпандағы мәлімет бойынша, Қырғызстанда 86 001 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған, оның 1 460 науқас көз жұмған.