Жоғары оқу орындары қандай бұзушылықтарды жиі жібереді?

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоғары оқу орындары бұзушылықтарды анықтауды болдырмау үшін түрлі әрекетке барады. Мысалы:

  • білім туралы құжаттарды нострификациялаудың болмауына байланысты шетелдің студенттерді жаппай оқудан шығару. Университет бір бұйрықпен 800-ге жуық студентті оқудан шығарып, тексеру аяқталғаннан кейін қайта қабылдаған;
  • өзге оқу орындарында жұмыс істейтін оқытушылардың құжаттарын ұсыну. Кейбір оқытушылар басқа университеттерде жұмысқа тіркелгендерін өздері де білмеген мысалдар бар. Яғни, тексеру алдында университеттер оларды құжат жүзінде жұмысқа қабылдап, кейін жұмыстан шығарған;
  • жұмысқа орналастыру көрсеткішін белгіленген талапқа сәйкестендіру үшін жоғары оқу орындарыл  Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа түлектердің атынан ең төменгі төлем енгізген;
  • Тексеру қарсаңында университеттің кітапхана қорын толықтырған және т.б.

Университеттер жиі жіберетін бұзушылықтар:

  • білім алушыларға пәндерді таңдауға мүмкіндік берілмеу;
  • көп университеттің магистратура мен докторантураға лицензия алып, ғылыми жобаларды жүзеге асырмауы;
  • магистранттар мен докторанттарды педагогикалық және зерттеу практикасының базаларымен барлығы бірдей қамтамасыз етпеуі;
  • жеке нормативтік құжаттарды формалды әзірлеу;
  • оқу орнының материал-техника базасын жақсартуға  көңіл бөлмеу  және т.б.