Президент қазақтілді БАҚ-тың бәсекеге қабілетін күшейтуді тапсырды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев президентке өзі басқарып отырған орталықтың жұмысы туралы айтты, сонымен бірге отандық аналитика орталықтарын дамыту жөнінде ұсынысын айтты.

Рақым Ошақбаев, Ақорда
Фото: Akorda.kz

Бұдан бөлек Мемлекет басшысына жаһандық компаниялармен арадағы ынтымақтастықтың негізінде инвестиция тарту жолдарын, сонымен бірге ақша-кредит саясатын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар таныстырылды.

Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахарияновпен әңгімелесу барысында қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін нығайту, ақпарат саясаты саласын реттейтін заңнаманы  дамыту мәселелері қарастырылды.

Қанат Сахариянов
Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің отандық масс-медиаға қолдау көрсете беретінін, контент сапасын арттыру және қазақтілді БАҚ-тың бәсекеге қабілетін күшейту керек екенін айтты.