Алматы тауларында әйелдің мәйіті табылды

23 ақпанда Медеу ауданының таулы аймағында түр-келбеті еуропалық 40-45 жастағы белгісіз әйелдің денесі табылды. Оның жеке басы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, — делінген Алматы полициясы таратқан хабарламада.

Ақпарат әуелі әлеуметтік желіде пайда болды. Тұрғын әйелдің денесін таңғы жүгіру кезінде көріп, полицияға хабарлаған.

Таңертең Алматы тауларында әйелдің мәйіті табылды. Болжам бойынша, ол өз-өзіне қол салған. Оқырмандарымыздың бірі таңертең жүгіріп жүргенде байқаған. Ол бірден 102 нөміріне хабарласты, — деп жазды Qumash Telegram арнасы.

ДереккөзSputnik.kz