Ержан Бабақұмаров медицина ұйымдарындағы қадағалау кеңесінің жұмысын күшейтуді тапсырды

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыста өткен жылдың қорытындылары шығарылды, сонымен бірге Алматыдағы 63 медицина ұйымында құрылған қадағалау кеңесі қызметінің күшті және осал жақтары қаралды, — делінген хабарламада.

Ержан Бабақұмаров бірнеше бағыт бойынша қадағалау кеңесінң жұмысын күшейту әрі сапасын арттыруды тапсырды.

Бұл менеджменттің ашықтығын, ішкі қадағалауды  және тәуекелдерді басқаруды жақсартады, — делінген хабарламада.

Қадағалау кеңесінң міндеті медицина ұйымының қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру. Осыған байланысты стратегиялық жоспарлау, бюджеттеу және шығын жүйелерінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, сонымен бірге корпоратив басқару қағидаттарын кеңейтуге ерекше назар аудару қажет.

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қадағалау кеңесінің жұмысын жақсарту және ынталандыру үшін олардың корпоратив басқаруға қосқан үлесін дер кезінде бағалауды тапсырды.